RU

"Махаббатсыз дүние бос": Төреғали мен Толқынның суреті елді тәнті етті

Төреғали мен Толқын
Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy

Қазақстандық белгілі әнші Төреғали Төреәлінің жары желіде ерекше суретін жариялап, қалың көпшілікті тамсандырды. Толқын Тұрарбекқызының фотосы бірден желідегілердің ыстық ықыласына ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғалидің келіншегі онымен түскен ерекше суретін ел назарына ұсынып, жолдасының барша жанкүйерін қуантты. Фотода ерлі-зайыптылардың көл жағасында әткеншекте отырғанын көруге болады.

Толқын Тұрарбекқызы аталмыш суретіне "Махаббатсыз дүние бос" деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары көпбалалы ата-ананың фотоларына сүйсіне қарап, өз жылы лебіздерін білдірді. Олар жұлдызды әулеттің келінінен отбасылық суреттермен көбірек бөлісіп тұруды сұраған.

"Керемет кадр. Қандай әдемі жер, қандай әдемі жұп", "Мына жердің әдемісін-ай. Қай жерде екен", "Нағыз үлгі аларлық отбасы. Бақытты болыңыздар", "Көз тимесін. Сондай бақыттысыздар", "Ғашықтар махаббаттарың баянды болсын", "Өте жарасымды жұп. Бір-біріне деген махаббаты мен сыйластығы ерекше", "Сіздер көпшілікке үлгісіздер", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912039-maxabbatsyz-dunie-bos-toregali-men-tolqynnyn-sureti-eldi-tanti-etti/