Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келісе алмаймын": Жазира Байырбекова желіде әсерлі жазба жариялады

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде жасөспірімдердің қылмыстық істерге бару мәселесін көтеріп, оған қатысты өз ойын айтты. Эстрада жұлдызы жеткіншектердің мұндай әрекеті үшін ата-анасын кінәлайтынына келіспейтінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова қазіргі қоғамда бала тәрбиелеу ата-анаға аса ауыр берілетінін жасырмады.

Өнер иесі жастар арасында қылмысқа барып жатқандар көбейіп кеткенін жоққа шығармады. Алайда, бұл үшін олардың ата-анасын кінәлауға келмейді дейді әнші. Оның сөзінше, кез келген ата-ана баласының жаман болғанын қаламайды.

"Ешқандай ата-ана перзентін жаман болсын демейді. Жасөспірімдердің қылмысқа барып жатқандарының ата-анасын кіналағанына келісе алмаймын. Әкесіз,анасыз балалар үйінде өскендердің арасынан да жақсылар шығады.Әр балаға,адамға Алла сана берсін деп тілейік. Қазір әлеуметтік желі,компютерлік ойындардан,ақпараты көп (керегі бар,керек емесі бар) қоғамнан балаларды алыстату мүмкін емес. Кейде ойлаймын қазіргі ата-аналардың міндеті бұрынғыға қарағанда әлдеқайда морально қиынырақ деп. Ана-бұрынғы аналар болсын,қазіргі аналар болсын,қай кезде де қасиетті есім", - деп жазды Байырбекова Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912125-kelise-almaimyn-zazira-baiyrbekova-zelide-aserli-zazba-zariyalady/

pixel