Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сөз емес, іс-әрекет маңызды": Ақбота Сейітмағамбет болашақ жары туралы айтты

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші Ақбота Сейітмағамбет оқырмандарына барынша ашылып, олардың қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі өзіңе аса қымбат болған жанды қалай ұмытуға болатынын айтты. Оған қоса, ажырасып кеткен әртіс болашақта қандай ер азаматты кезіктіргісі келетінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram парақшасында тағы да "сұрақ-жауап" ұйымдастырып, көпшілік көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.

Желі қолданушылардың басым көпшілігі шоу-бизнес жұлдызының жеке өміріне қатысты болды. Оқырмандар одан боалашқ жар таңдаудан қалай қателеспеуге болатынын сұрады.

Айта кету керек, өнер иесі жақында ғана актер Дәурен Айдарқұловпен ажырасып кеткен болатын. Жұлдызды жұптың ортақ екі баласы бар.

"Жақсы жар, жаман жар деген болмайды. Сенің адамың ба, әлде емес пе? Санамен жете түсіне білу керек. Мен үшін сөз емес, іс-әрекет", - деп зор сеніммен айтты Ақбота.
Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Актрисаның пікірінше, ер адамның бойынан жауапкершілік пен сана сезіну керек.

Сонымен қатар, көпшілік өнер иесінен бұрынғы сүйіктісін қалай ұмытуға болатыны жайлы кеңес сұрады.

Оған қоса, олар Ақбота Сейітмағамбет болашақта жолдасы қандай болғанын қалайтынын білгісі келді.

"Менің ойымша өткенмен өмір сүрмеу керек. Өзіңіздің айналысатын жұмысыңыз болу керек. Сол кезде жылап отыратын уақыт та табылмайды. Сол себепті алға қарай ұмтылу керек. Ештеңені ойламау керек. Өзімнің болашақтағы өмірлік жарым туралы айтатын болсақ. Өзіндік пікірі мен шешімі бар нағыз азаматты Алла маған нәсіп етсінші", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912342-soz-emes-is-areket-manyzdy-aqbota-seiitmagambet-bolasaq-zary-qandai-bolu-kerek/

pixel