Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілім әке болудың артықшылықтарымен бөлісті

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім
Фото: Instagram/mussilim

Осы жылдың басында ғана ұлды болған шоу-бизнес жұлдызы Тәуекел Мүсілім әкеліктің басты артықшылықтарымен бөлісті. Актер баласының арқасында бұған дейін білмеген бірқатар жайттарды меңгеріп алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім әке болудың жақсы жақтарын Instagram парақшасында айтып берді. Өнер иесі баласымен серуендеуге жиі шығатын болғандықтан, бүгінде өзі үшін Алматы қаласындағы білмеген бірқатар саябақтарды ашқан.

Оған қоса, шоу-бизнес жұлдызы перзентінің арқасында бесік арбаның түр-түрлерін ажырата алатындай болған.

"Әкеліктің артықшылықтары көп. Енді Алматыда қанша саябақ бар екенін білемін. Бесік арбамен серуендеп жүргендердің барлығын байқаймын. Енді олардың маркалары қандай екенін ажыратып, тіпті бағасы қанша екенін де біле аламын", - деп жазды Тәуекел.

Актердің жанкүйерлері оның әкелік міндеттерін жақсы орындап жатқанына тәнті болып, оған мақтау сөздерін жаудырған. Сонымен қатар, кейбір пікір білдірушілер өзге ер адамдарға Тәуекелден үлгі алу керек екенін жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912353-tauekel-musilim-ake-boludyn-artyqsylyqtarymen-bolisti/

pixel