Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ханзада мен ханшайым": Төреғалидің әйелі ерекше кадрлармен бөлісті

Опубликовано:

Төреғали мен Толқын
Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің келіншегі желіде ерекше отбасылық фотосессиясымен бөлісіп, қалың көпшілікті тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Толқын Тұрарбекқызы Instagram парақшасында жолдасымен түскен суреттерін жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Ерлі-зайыптылар фотоға түсу үшін арнайы құмды өлкеге барған.

"Керемет көрініс. Суреттеріңіздің барлығы ерекше", "Төреш екеуіңіз фотосессияларды жиілетіп жіберіпсіздер. Жарайсыздар. Бұл біз үшін жақсы", "Өте жарасымды жұп" , "Шынайы махаббаттың символысыздар", "Нағыз үлгілі отбасы", "Бақытты болыңыздар. Көз тимесін", "Жақында бесінші мәрте ата-ана болатындарыңызға сену қиын. Екеуіңіз де жап-жас көрінесіздер", "Махаббаттарың баянды болсын", "Ханзада мен ханшайым" , - деп жазуда көпшілік.

Желідегі кадрлардан олардың екеуі де қара түсті киім киіп алғанын көруге болады. Бұл жайт кейбір желі қолданушыларына жақпай қалды. Олар жұбайлардың образын қазақ халқына жат деп санап, оларды сынға алған.

"Екеуі де қап-қара киініп алғаны қызық болған", "Қазақта қара орамал тақпаушы еді. Әлде қазір бәрібір ме?", "Ашық түсті образдар көбірек жарасады", "Қара кимеңіздерші, бір түрлі көрінеді екен", "Шөл далада қара киініп алғандарыңыз болмады", - деп жазды халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912818-xanzada-men-xansaiym-toregalidin-aieli-erekse-kadrlarmen-bolisti/

pixel