Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше образдағы Аша Матай қалың көпшілікті тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Аша Матай
Фото: Instagram/asha_matai

Отандық танымал тележүргізуші әрі актриса Аша Матай желіде кезекті ерекше образын паш етіп, барша жанкүйерлерін қуантты. Өнер иесінің киіну үлгісіне тәнті болған көпшілік оған деген жылы лебіздерін жаудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аша Матай "Gatsby" стиліндегі ерекше образын Instagram парақшасында көрсетті. Фотода тележүргізушінің алтын түсті көйлек пен үстіне қысқа тон киіп алғанын байқауға болады.

Актрисаны мұндай кейіпте көріп үйренбеген көпшілік өз таңданысын жасырмады. Желі қолданушылары оның ерекше образына тәнті болып, оған өз ыстық ықыласын білдірді.

"Недеген сұлу ару. Мына стиль сізге керемет жараса кетті", "Өте әдемісіз. Сізге қарап, екі баланың анасы деп айту қиын", "Талғамың ерекше. Әр образың қайталанбас болып шығады", "Мінезің де, қылығың да, стилің де мінсіз", "Мына образ сізге қатты жарасады екен. Сіз үшін ойластырылып қойғандай", "Аша не кисе де, жараса кететін секілді", "Қуыршақ секілді", "Тәтті қыз", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913066-erekse-obrazdagy-asa-matai-qalyn-kopsilikti-tanti-etti-foto/

pixel