RU

"Той жасамаймыз": Сая Оразғалиева карантинде той өткізуден бас тартты

Сая Оразғалиева
Фото: Instagram/saya_orazgaliyeva

Отандық танымал актриса Сая Оразғалиева алдағы уақытқа жоспарланған некелесу рәсіміне қатысты жаңалықтарын бөлісті. Өнер иесінің айтуынша, жолдасы екеуі ауқымды мерекелік шара өткізбейтін болып шешкен. Қос ғашық мұсылман жолымен некелерін қимақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сая Оразғалиева Instagram парақшасында оқырмандарынан өзінің шаш үлгісіне қатысты сұрақ қойып, олардың пікірін білмек болды. Желі қолданушылары одан қысқа шашына қайта оралмауын сұрады.

Ал кейбірі актрисаға алдағы уақытта тойы келе жатқандықтан шашының ұзын болғаны абзал екенін жеткізді.

Алайда, Сая Оразғалиева бірден үйлену тойы болмайтынын кесіп айтты. Өнер иесі сүйіктісі Ильяс Иминовпен мешітте некесін қидыратын болған.

"Бізде ауқымды үйлену тойы болмайды. Некемізді қиямыз. Мен орамалда боламын", - деп қысқа жауап берді ол.

Айта кетейік, актриса Сая Оразғалиеваға жақында ғашығы үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Қос ғашықтың қуанашына олардың жұлдызды достары жиналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913251-toi-zasamaimyz-saya-orazgalieva-karantinde-toi-otkizuden-bas-tartty/