Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Голливудтық жұп": Тәуекел Мүсілімнің жары ерекше отбасылық суреттермен бөлісті

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім отбасымен
Фото: Instagram/mahonti__

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілімнің отбасымен түскен ерекше суреттері көпшілікті сүйсіндірді. Желі қолданушылары жас жанұяға тәнті болып, оларға деген жылы лебіздерін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елдің ыстық ықыласына бөленген фотоларды актердің жары Махаббат Мүсілім өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Суретте жас жұбайлардың кішкентай ұлдарымен саябақта серуендеп жүргендерін көруге болады.

Тәуекелді экранда түрлі рөлдерде көріп жүрген көпшілік оның шынайы өмірде әкелік міндетін қалай атқарып жүргеніне куә болды. Жас отбасының ерекше суреттері елді тәнті етіп, көптеген пікірлерге ие болды.

"Журналдардағы папарацци секілді", "Голливудтық жұп", "Өте сүйкімдісіздер. Үлгілі отбасы", "Кинода қыздардың қолы жетпес жігітті сомдайтын Тәуекелдің шынайы өмірдегі кейпін көрген бір қызық екен. Жарайсың, әкелік міндетін жақсы орындап жүргенге ұқсайды", "Бақытты болыңыздар", "Сондай тәттісіздер", "Мінсіз жұп, елдің көзі тимесін", Айтөренің бойы әкесіне ұқсапты", "Расымен Голливуд жұлдыздары секілді", "Шетел болып тұрсыздар ғой", "Тәуекел керемет әке", - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913463-gollivudtyq-zup-tauekel-musilimnin-zary-erekse-otbasylyq-surettermen-bolisti/

pixel