Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойыңнан қоқысты алып таста": Айдарбекованың жазбасы елді ойландырып қойды

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қайрат Нұртастың анасы желіде жариялаған жазбасымен қалың көпшілікті ойландырып қойды. Бірі продюсердің айтқанымен толық келіссе, енді бірі оның бұл сөздері кімге арналғанын біле алмай әлек болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдарбекова Instagram парақшасында жаңа жазбасымен бөлісіп, елдің қызу талқысын тудырды.

"Сен үздіксіз ойлайтын нәрсені ғалам алдыңнан шығарады. Ойыңнан қоқысты сүзіп алып таста. Санаңды жаман ойлаудан босат. Не боларын ойлап уайымдай берме. Қолда барыңа разылық білдір. Бүгіннен рақат тап. Әр сәтіңді қадірле", - деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың айтқанына қатысты екі түрлі ой білдірді.

Бірі продюсермен толықтай қосылып, оның даналығына тәнті болды. Енді бірі бұл жазбаның астарында не бар екенін білмек болды. Олардың пікірінше, бұл сөздер арнайы бір адамға арналып жазылғандай.

Айта кетейік, Айдарбекова бүгінде жақындарымен бірге Ақтауда демалып жатыр. Шоу-бизнес өкілі желіде барынша белсенді болуға тырысып, демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913522-oiynnan-qoqysty-alyp-tasta-aidarbekovanyn-zazbasy-eldi-oilandyryp-qoidy/

pixel