Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дігідік-дігідік шабам": Ресейлік блогерлер қазақша әнді TikTok-та "трендке" айналдырды

Опубликовано:

Фото
Фото: OK.ru

Ресейлік танымал блогерлер Даня Милохин, Юлия Гаврилина және Анна Антигрустин қазақстандық әнді TikTok-та аптаның трендіне айналдырды деп хабарлайды zakon.kz.

Ресейлік блогерлердің арқасында бірнеше жыл бұрын жарық көрген Алмас Асыланбектің "Байдың қызын аламын" туындысы апта хитына айналды.

Олар аталған әнге билеп, "дігідік дігідік шабамын, байдың қызын аламын" деген тұстарына қосылып, миллиондаған оқырмандарының назарын өздеріне аудартқан.

Ресейлік блогерлердің бұл "тренді" көпшіліктің көңілінен шыққан. Оны видеоның астындағы пікірлерден байқау қиын емес.

"Керемет", "Көңіліміз көтеріліп қалды", "Бұл әнді бірінші рет естіп тұрмын, көңілді әуен екен", "Осы тиктокерлердің таппайтыны жоқ", "Бұл әннің орындаушысына ерекше алғыс", "Блогерлердің арқасында әннің екінші тынысы ашылды", "Қазақстанға жалынды сәлем, ән өте көңілді" деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913528-digidik-digidik-sabam-reseilik-blogerler-qazaqsa-andi-tiktok-ta-trendke-ainaldyrdy/

pixel