Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Етегіңді жап": Кәмшат Жолдыбаеваның ашық образы ел ашуын тудырды

Опубликовано:

Кәмшат Жолдыбаева
Фото: Instagram/kamshat__zholdybayeva

Қазақстандық танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева желіде жаңа фотосессиясын көрсетіп, көпшіліктің қызу талқысына қалды. Желідегілердің бір бөлігі оның сұлулығына тәнті болса, енді бірі оның образын тым ерсі санаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева үш миллион оқырманы бар Instagram парақшасында соңғы кезде белсенділік танытпай кетті. Алайда, біраз уақыттан соң өнер иесі байланысқа шығып, жанкүйерлерін жаңа суреттерімен қуантты.

Эстрада жұлдызын сағынған көпшілік оның ерекше образына тәнті болып, өз жылы лебіздерін жарыса білдіріп жатты. Сонымен қатар, әншінің киіну үлгісіне көңілі толмай, оны сынға алғандар да болды.

"Сіз Голливудта болмағаныңызға шүкір. Әйтпесе, ол жақтағы өзін сұлу санайтын актрисалар баяғыда жұмыссыз қалатын еді", "Сіздің сұлулығыңыз көздің жауын алады. Сізден көз алу мүмкін емес", "Әрдайым көрікті, ерекше, тартымды", "Осы бикештің етегі ұшады да жүреді", "Етегіңді жап, ұят болады. Мұндай сөздер саған әсер де етпейтін шығар", "Менің Қазақстандағы ең сүйікті актрисамсыз! Негізі мен қатты ашық-шашық киінгендерді ұнатпаймын, бірақ сізге келгенде кім не десе, десін мен сізді жақсы көремін ештеңеге қарамастан", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913680-etegindi-zap-kamsat-zoldybaevanyn-asyq-obrazy-el-asuyn-tudyrdy-foto/

pixel