Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20 күнде екі операция": Жанар Айжанованың қызы ана атанды (видео)

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова ұлымен
Видеодан кадр: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова әже атанды. Өнер иесінің қызы Айжұлдыз Адайбекова тұңғышын дүниеге алып келді. Жас дизайнер ұлды болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты хабармен жас ананың өзі Instagram парақшасында бөліскен. Айжұлдыз Адайбекова тұңғышын ауыр босанған. Дизайнер 20 күнде екі операция жасатқан.

"Қазақ елінің назарында, бүкіл әлемнің назарында, бастысы Аллахтың назарында бол балапаным. Мен ана атандым. 20 күнде екі ауыр операция жасаттым. Бірақ, мен сен үшін бәріне дайын болдым. Тоғызыншы айда болса да бәріне төздім. Өте қиын болды. Аналар сіздердің алдарыңызда басымды иемін", - деп жазды Адайбекова.

Жас ана желіде босанғаннан кейінгі видеосын жариялады. Желі қолданушылары Айжұлдызды құттықтап, кішкентай сәбиге ақ тілектерін жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1913825-20-kunde-eki-operaciya-zanar-aizanovanyn-qyzy-ana-atandy-video/

pixel