Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың қытайлық жанкүйерлері оған ерекше тосынсый жасады

Опубликовано:

Димаштың ғимараттағы видеосы
Видеодан кадр: Instagram/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлері туған күніне орай оған айрықша тосынсый жасады. Олар қала ішіндегі биік ғимараттардың біріне қазақстандық әншінің суреті мен видеосын шығарып, оны жаңа жасымен құттықтаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шетелдік тыңдармандарының жасаған сыйы Димашқа ерекше көңіл-күй сыйлаған.

Өнер иесі тіпті мұндай құрмет пен құттықтауды күтпегенге ұқсайды. Ол Қытайда бір жылдан астам уақыт болмаса да, жанкүйерлері өзін әлі ұмытпағанына тәнті болды.

"Қытайдан карантин кесірінен кетіп қалғаныма бір жылдан астам уақыт болды. Бірақ, оған қарамастан жанкүйерлерім маған мынадай құттықтау жасаған екен", - деп жазды әнші.

Димаш Құдайберген Instagram парақшасында қытайлық тыңдармандары жасаған тосынсыйдың видеосын да жариялап қойған.

Бейнежазбадан үлкен ғимараттың сыртында қазақстандық таланттың суреті мен видеосы шығып тұрғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары Димашқа көрсетілген құрметті жоғары бағалап, қытайлықтардың әрекетіне риза болған. Оған қоса, қалың көпшілік тума талантты жаңа жасымен құттықтап, өздерінің ақжарма тілегін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914085-dimastyn-qytailyq-zankuierleri-ogan-erekse-tosyn-syi-zasady-video/

pixel