Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың сәукелесін киген Тиматидің экс-сүйіктісіне ел сүйсінді (фото)

Опубликовано:

Анастасия Решетова
Фото: Instagram/volkonskaya.reshetova

Танымал ресейлік рэп орындаушы Тиматидің бұрынғы ғашығы Анастасия Решетова алғаш рет Қазақстанға келді. Орыстың хас сұлуына еліміздің әсем жерлерін оның жақын құрбысы, әнші Назима Жәнібекова көрсеткен. Ол Көлсай мен Қайыңдыға барып, Қазақстанның табиғатына тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анастасия Решетова Қазақстанға екі түрлі себеппен келген. Бірі жұмыс бабымен болса, екіншісі өзінің бұрыннан бері келе жатқан арманын орындау екен. Ресейлік ару көршілес елдің сұлу табиғатын өз көзімен қатты көргісі келгенін айтты.

Алдымен Алматыға ұшып келген Анастасияны оңтүстік астананың әуежайында құрбысы Назима күтіп алған. Қазақстанның бас мегаполисін аралаған бикештер, ертесіне бірден Көлсай-Қайыңдыға қарай жол тартқан.

Қонақжай халқымыз Решетоваға дәстүрлі тамақтарды дайындап, ұлттық киімді тарту етті. Анастасия өз кезегінде қазақтың сәукелесімен түскен суретімен Instagram парақшасында бөлісіп, өз оқырмандарын тәнті еткен.

Желідегілер Тиматидің бұрынғы сүйіктісіне ұлттық бас киім қатты жарасатынын жарыса жазды. Олар Решетованың өзге ел мен оның салт-дәстүрлеріне деген сыйластығына тәнті болған.

Айта кету керек, соңғы кезде Анастасия Решетованың парақшасында ислам дініне қатысты жазбалар көбеюде. Сәнбике тіпті биыл Назима Жәнібековамен бірге ораза ұстаған.

Ғаламтор кеңістігінде бойжеткеннің ислам дініне өтуге дайындалып жатқаны жайлы ақпараттар да тарап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914173-qazaqtyn-saukelesin-kigen-timatidin-eks-suiiktisine-el-suisindi-foto/

pixel