Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны жоғалтып алудан қорықтым": Дастан Оразбеков өмірдегі өкінішін айтты

Опубликовано:

Дастан Оразбеков
Фото: Instagram/dastanello82

Атақты әнші, актер Дастан Оразбеков "Еуразия" бірінші арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында отбасына қатысты ешкім білмейтін сырларымен бөлісті. Әртіс анасын жастықпен көп ренжіткен кездерін есіне алып, әкесінен ерте айырылғандығын айтты. Ақтық сапар алдындағы әкесінің соңғы өтінішін орындамағаны үшін әлі күнге өкінетін өнер иесі көзіне жас алды.

"Әкем қатты ауырып қалды. Мен қасында болдым. Сол соңғы күндерінің куәсі болу өте ауыр. Денсаулығы күн санап құлдырай берген күндердің бірінде әкем: "Бір темекі берші" , - деді. Мен оны жоғалтып алудан қатты қорқатынмын. Сондықтан "жоқ" деп, бермей қойдым. Сол күні оның соңғы таңы атқан екен. Жүріп кете барды. Бере салуым керек еді сол темекіні" ,-деген әнші әкесінің өлімінен кейін отбасы материалдық тұрғыда көп қиыншылық көргенін жасырмады.

Актер анасының базарда сауда жасап балаларын асырауға мәжбүр болған жылдарын есіне түсірді. Өзі де қарап қалмай анасының жанында базарда арба сүйреп, ақша тауып, қарындастарын мектепке дайындаған екен.

"Бір жылдары біздің отбасымыз үшін өте қиын кезеңдер болып, әпкем екеуміз 1-қыркүйекке мектепке бара алмадық. Өйткені киетін киіміміз, мектепке қажет қалам-дәптеріміз болмады. Сол сәтке қатты намыстанған Дастан ағам бір жыл бойы базарда арба сүйреп, ақша тауып, бізді келесі оқу жылына тап-тұйнақтай етіп дайындаған" , - деді қарындасы Меруерт Оразбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914334-ony-zogaltyp-aludan-qoryqtym-dastan-orazbekov-omirdegi-okinisin-aitty/

pixel