Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Білімім де, дипломым да жоқ": Дастан Оразбеков өзі туралы тың мәліметтерді бөлісті

Опубликовано:

Дастан Оразбеков
Фото: Instagram/dastanello82

Өнер саласында 20 жылдан астам еңбегі бар атақты әнші өзінің әлі күнге дейін музыкалық білімі жоқ екенін жеткізді. Өнерге алғаш қадам жасауына ағасы көмектескенімен, танымалдылыққа жеткізген "Бауыржан шоу" театры екенін "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты.

Дастан Оразбеков "Орда" тобының қалай құрылғанын айтып, өнер жолында қандай қиындыққа тап болғандарын жеткізді.

"Біз "Орда" тобының жігіттері "Бауыржан шоуда" бір-бірімізді таптық. Ең алғаш үлкен сахнаға шығарған осы театр еді. Ол үшін Бауыржан ағамызға алғысым шексіз. Уақыт өте біз шоудан кетіп, жеке топ болып өнер көрсеткіміз келді. Бірақ, жігіттердің ешқайсысы Бауыржан ағамызға барып, біз кетеміз деп айта алмады. Дәтіміз бармады. Содан мен бұл жауапкершілікті өз мойныма алып, хабарластым. Сол кезде Бауыржан Ибрагимов бізді боқтап тұрып мақтады. Ашуланды, айғайлады. Оның барлығы да орынды еді.
Содан бір күні біз жігіттермен Қыдырәлі Болманов ағамызға бардық, бізді продюсерлік қарамағыңызға алыңыз деп қолқа салдық. Бірақ ол кісінің Бауыржан ағамызға деген құрметі жоғары еді. «"Алдымен сол кісінің рұқсатын алмасаңдер мені мазаламаңдар" , - деді. Содан, біздің ең алғашқы продюсеріміз Алуа Қонарова болды. Жеке топ ретіндегі жолымыз осылай басталды»," - деді әнші Дастан Оразбеков. Өзін жолы болғыш жігіт санағанымен өнер жолындағы сәтсіздіктерінің көп болғанын да жасырмады.

Сонымен қатар, әртіс 20 жыл бойы өнер саласында тер төгіп, еңбек етіп келе жатқанымен әлі күнге дейін марапатсыз екенін айтты.

"2009 жылы «Орданың» продюсерлері Маду және Зарина Алтынбаева топтан Дастан кетсін деп ұсыныс білдірді. Арамызда түсінсіпеушілік болып Рүстем және Жанболат ағаларымыз да кетіп қалды. Дипломның жоқтығынан бір де бір марапатқа ие бола алмадым. 20 жыл осы салада тер төгіп келе жатсам да диплом мен білімнің жоқтығынан осылай марапатсызбын" , - деп әнші «Еуразия» бірінші арнасына берген сұхбатында ағынан жарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914458-bilimim-de-diplomym-da-zoq-dastan-orazbekov-ozi-turaly-tyn-malimettermen-bolisti/

pixel