RU

Гүлнұр Оразымбетова қауіпті фотосессия өткізді (видео)

Гүлнұр Оразымбетова
Фото: Instagram/gulnurorazymbetova

Қазақстандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова желіде кезекті фотосессиясын жариялап, елдің қызу талқысына түсті. Бұл жолы өнер иесі жаңа суреттерімен көпшілікті алаңдатып қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Оразымбетова Instagram парақшасында аса қауіпті жағдайда өткен фотосессиясының нәтижелерімен бөлісті. Өнер иесі түсірілімнің қалай өткенін көрсетіп, жанкүйерлерін уайымға салып қойған.

"Адам өмірінде ауыс-түйіс өзгерістер болуы заңдылық. Бірақ,өзіңіз өзгермеңіз", - деп жазды Оразымбетова видео астына.

Желі қолданушыларына фотосессия үшін таңдалған жер ұнамаған көрінеді. Олар әншінің қауіпсіздігі үшін аса қатты алаңдады.

Себебі, эстрада жұлдызының фотосессиясы жар үстінде өткен. Онсыз да қауіпті жерде өнер иесі биік аяқ киім киіп алған. Желідегілердің сөзінше, Оразымбетова кез келген уақытта жардап құлап кете жаздаған.

"Гүлнұр керемет көрініс", "Әркез ерекше фотосессия жасайсыз", "Тамаша, недеген креатив", "Гүлнұр мұндай фотосессияға түсуге қорықпадыңыз ба?", "Қауіпті екен. Құлап кетпегеніңізге шүкір", Өте қауіпті мекен екен. Құлап кетсеңіз болды ғой. Келесіде мұндай жерлерді таңдамаңызды", "Сіз үшін алаңдаудамыз", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914506-gulnur-orazymbetova-qauipti-fotosessiya-otkizdi-video/