Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ирина Шейк жақында ажырасқан Канье Уэстпен кездесіп жүр

Опубликовано:

Ирина Шейк
Ирина Шейк. Фото: Instagram/irinashayk

Британдық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 35 жастағы Ирина Шейк пен 43 жастағы Канье Уэст бүгінде жұп ретінде кездесіп жүр. Алайда, модель мен рэп орындаушы да бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.

Қос жұлдыздың құпия қарым-қатынасы туралы анонимді дереккөзге сілтеме жасаған "СтарХит" басылымы хабарлады.

"Бұл жайтты нақты қарым-қатынас деп атауға болады ма, мен білмедім. Бірақ, екеуінде бір-біріне деген ерекше қызығушылық туындағаны рас", - делінген жұлдыздар өмірі туралы жазатын желідегі парақшалардың бірінде.

Айта кету керек, бұған дейін Ирина Шейк Канье Уэстің жобаларына қатысып жүрген болатын. Сәнбике 2010 жылы рэпердің бейнебаянында түсіп, кейін оның брендін еуропалық сән апталығында паш етті.

Бүгінгі күні модельдің де, әртістің де басы бос. Уэст Ким Кардашьянмен ажырасып жатса, Ирина бірнеше жыл бұрын актер Брэдли Купермен айырылысып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914510-baq-irina-seik-zaqynda-azyrasqan-kane-uestpen-kezdesip-zur/

pixel