Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғым дірілдеп отырды": Қоянбаев Елбасыдан алған сұхбаты туралы айтты

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаев
Нұрлан Қоянбаев. Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал кинопродюсер әрі әзілкеш Нұрлан Қоянбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткізген сұхбатын есіне алып, оның барысында қандай сезімде болғанын айтты. Еш дайындықсыз барған ол тұңғыш президентпен 12 минут бойы тілдескен. Өнер иесі сол сәтте аяғы дірілдеп отырғанын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Қоянбаев өміріндегі тарихи сұхбаттарының бірі туралы Нартай Аралбайұлының Youtube бағдарламасында егжейлі-тегжейлі айтып берді.

Кинопродюсер Елбасымен тілдесу үшін шетелде жүрген жерінен ұшып келген. Алайда, өнер иесі дәл сол сұхбатқа ешқандай дайындығы болмаған. Ол әуежайдан түскен бойда бірден студияға бет алған.

"Мен "Түнгі студияға" үлкен жауапкершілікпен қарадым. Түсірілімдерімді өткіземін, сұхбаттарымды аламын. Кейін өз қызметімді орындаған соң, Тайландқа кино түсіруге кетемін. Сол кезде аяқ астынан президент бағдарламаға келеді деп айтады. Ол жерде менің кінәм жоқ. Ол аяқ асты келетін бағдарламаға, мен де өзім аяқ асты келемін ғой. Маған айтылды, мен екі-үш күнде келдім. Дәл сол сұхбаттың бірнеше сценариін бекітпей қойды.
Біздің формат ресми емес болғандықтан біз Елбасыдан отырып индустрия туралы сұрай алмаймыз. Әзілдерді қосқымыз келді, бірақ болмады. Бір риза болған тұсым да болды. Маған еркіндік берілді. Әркім өз жұмысын істеп, маған тиіскен жоқ. Арасында сұрап тұрдым. Бірақ, бұл бағдарламаны бірнеше жыл бойы тізгіндеп келе жатқандықтан маған сенді деп ойлаймын. Сұхбатымыз 12 минутқа ғана созылды. Қолым тыныш тұрғанымен, аяғым дірілдеп отырды. Қорыққаннан емес, қобалжығаннан. Біз үлкенді сыйлап өскен қазақпыз ғой", - деді Қоянбаев.

Айта кетейік, бүған дейін Нұрлан Қоянбаев өзінің телевизиядан кетуіне қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914698-ayagym-dirildep-otyrdy-qoyanbaev-elbasydan-algan-suxbaty-turaly-aitty/

pixel