Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас Нұрәлі Әлиевпен түскен тағы бір суретін жариялады

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Нұрәлі Әлиев
Фото: Instagram/kair_n

Отандық эстраданың жарқын жұлдызы Қайрат Нұртас еліміздің Тұңғыш президентінің жиен немересі Нұрәлі Әлиевпен түскен суретін жария етті. Танымал екі азаматтың фотосы бірден ел арасында қызу талқыланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас аталған фотоны Instagram парақшасында бөліскен. Суретте Нұрәлі Әлиев екеуінің құшақтасып тұрғанын көруге болады.

"Қош келдіңіз, Нұрәлі", - деген жазба қалдырды хитмен.

Желі қолданушылары бірден екеуінің суретін қызу талқыға салып, оларға қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

"Азаматсыңдар. Бастысы аман болыңдар", "Керемет фото", "Нұрәліге сәлем айт, жолдарың болсын қашанда", "Елінің сыйлы азаматтары. Жасай беріңдер", "Бауырлар", "Жаныңдар жүрсің жақсы жан. Сыйластықтарың ұзағынан болсын", "Қайда қош келіп жатыр?", "Қай қалада жолығып жатырсыңдар", - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, Нұрәлі Әлиев Қайрат Нұртастың туған күнінде де болған. Өнер иесі желіде Назарбаевтың немересімен түскен суретімен бөліскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914734-qairat-nurtas-nurali-alievpen-tusken-suretimen-bolisti/

pixel