RU

Алтынай Жорабаеваның күйеуі қайын атасына су жаңа көлік сыйлады (видео)

Алтынай Жорабаеваның жолдасы әкесіне көлік тарту етті
Видеодан кадр: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаеваның күйеуі қайын атасына туған күніне орай көлік сыйлап қуантты. Өнер иесі бұл қуанышты сәтімен Instagram желісінде бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы жолдасының әкесіне су жаңа темір тұлпар сыйлап жатқан видеосын өзінің жеке парақшасында жариялаған. Жұлдызды әулеттің күйеубаласы қайын атасын жаңа жасымен құттықтап, оған бағалы сыйлық жасауды жөн көрген.

"Құрметті достар, жолдасым әкеме авто салоннан су жаңа көлік сыйлады . Алла разы болсын. Алла пейіліңе үйіп-төгіп берсін. Екеуімізге жұғысты болсын. 100 жасаңыздар, әкетайым, анашым! Әлішердің әкесі, папамыз өмірден өткен, жаны жәннатта болсын. Ал мамамызды Нұр-Сұлтанға көшіріп, пәтер алып берді. Әрине ең кіші інісі Алла қаласа болашақ келінмен мамыздың қолында тұрады. Ата-ананы қуанту үлкен бақыт", - деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары туған күн иесін жарыса құттықтап, оған өз ақ тілектерін жолдап жатты. Оған қоса, көпшілік әншінің күйеуінің асқан жомарттығы мен қайын атасына деген сыйластығына тәнті болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914837-altynai-zorabaevanyn-kuieui-qaiyn-atasyna-su-zana-kolik-syilady-video/