Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлігіңді алмаймыз деді": Төреғали үйленер алдында жарына қандай талап қойған

Опубликовано:

Төреғали мен Толқын
Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy

Төреғали Төреәлінің келіншегі тұрмысқа шығар алдында орын алған қызықты оқиғасын бөлісті. Толқын Тұрарбекқызы жұлдызды әулетке келін болып барарда әкесі сыйлаған көлігін жасауына алып кетпек болған. Алайда, "Ұлы дала баласы" оған бірден қарсылық танытқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Толқын Тұрарбекқызы басынан өткен оқиғаны Instagram парақшасында айтып берді. Төреғалидің жары сүйікті көлігін не себепті өзімен бірге жаңа отбасына алып кете алмағанын жеткізді.

"Қыз жасауына - көлігім. Құдалыққа дайындық жасап, жасауымды алып жүрген кезім еді... Көлікті 18 жасымнан бастап жүргіземін, Әкешім Дубайға апарып арнайы қалауымдағы көлікті сатып алып берген болатын. Әкешіме қатты жақын, еркелеп өстім. Сол алып берген көлігімді жасауыма бірге алып кететін боп жүргем. Төрем “алсақ сені аламыз, көлігіңді ала алмаймыз” деп бірден қарсылық білдірді.Бәрін бірге басынан бастаймыз дегеніне әлі күнге дейін мәзбін.
Ер адам өзіне сенімді болса, мақсатына жетеді. Ал жан-жары сол мақсатқа жетуге шабыт беріп, сырттағы проблемалардан демалатын, көзінің қуанышы мен жүрегінің тыныштығы бола алса, олар бәріне де қол жеткізбек! Аллаға сансыз шүкірлер! Бір-бірімізді әрдайым қолдау арқылы, мақсаттарымызға жетіп келеміз. Бәрі оңайлықпен келе ме? Жоқ! Оңайлықпен ештеңе де болмайды. Тек қолдау мен құрмет, сезім мен сенім аласармай биіктеуге, армандауға, күш-қуат береді", - деп ағынан жарылды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914883-koligindi-almaimyz-dedi-toregali-uilener-aldynda-zaryna-qandai-talap-qoigan/

pixel