Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өнер адамы екенімді жақсы білді": Жанар Айжанованың қызы енесі туралы айтты

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова
Фото:: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Жанар Айжанованың қызы сәтсіз некесі туралы бар шындықты ақтарды. Айжұлдыз Адайбекованың айтуынша, жолдасы Қыран Талапбек екеуі шын мәнінде тіпті заңды некеге де тұрмаған. Жас дизайнер енесіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз сырымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова ұзақ уақыт үнсіздіктен кейін өзін асыға күткен оқырмандарына басынан өткен жағдайды баяндап беруді шешкен. Әртістің қызы Instagram парақшасында сауалнама жүргізіп, елдің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Қалың көпшілік бірінші тұрғыда жас ананың енесімен арада орын алған жағдайы туралы білгісі келген. Дизайнер ару күйеуінің анасы туралы өз ойын айтып, некесі туралы бар шындықты айтты.

Белгілі болғандай, Айжұлдыз бен Қыран заңды түрде некелеспеген екен. Жанар Айжанованың қызы өзінің ажырасуына қатысты суалға былай жауап қатты:

"Жоқ. Біз ресми түрде некелесіп үлгермедік. Себебі, ол оны қаламады. Мен оның себебін сол қалпы түсіне алмадым", - деді дизайнер.
Айжұлдыз Адайбекованың Stories-і
Скриншот: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Сонымен қатар, желідегілер Адайбековадан енесі жайлы да сұрады. Олар жұлдызға екінші анасының мінезін неге алдын ала біліп алмағанына таңғалды.

"Бетпердесі жақсы болған ғой. Негізінде ол менің өнер адамы екенімді жақсы білді. Ол өтірік айтпай, бірден маған "қызым, сен бізге келіспейсің" деуі керек еді. Мен ақымақ адам емеспін", - деп жазды ол.
Айжұлдыз Адайбекованың Stories-і
Скриншот: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914915-oner-adamy-ekenimdi-zaqsy-bildi-zanar-aizanovanyn-qyzy-enesi-turaly-aitty/

pixel