Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәдуақасова: Жасанды жолмен бала көтерген қиын екен, Алла бізге тағы перзент сүюді жазар

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстардасының жұлдызы Мадина Сәдуақасова тағы да балалы болуды жоспарлап жүргенін айтты. Бүгінде дәрігерлерге жүгінген әнші бірқатар қиындықтарға тап болған. Өнер иесі Алладан перзент сұрап, бір ұлының амандығын тіледі деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова қазіргі таңда екінші мәрте ана атанудың қамын ойлап, медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгініп жүр. Әнші перзентті болуға барынша талпынып жатқанымен, ешқандай нәтиже жоқ екенін жеткізді.

Көңіл-күйі түсіп кеткен әнші өзін алаңдатып тұрған мәселемен желідегі жанкүйерлерімен бөліскен.

"Соңғы кездері ешнәрсеге зауқым жоқ, көңіл-күй де біресе былай, біресе былай құбылады, ән, фотоссесия, клип, интервью, инстаграм түгілі, өмір түгіл өзімді де білмеймін болып жүрдім. Жалпы шет жағасымен сіздермен бөліскім келіп тұр. Өмірімде сонша анализ тапсырып көрмеппін. Гормон, витамин, т.б, олардың миллион түрі бар екенін шынымды айтсам, осы жасқа келіп , бірінші рет білдім.
Врач мамандардың да түрлісіне жолығады екенсің. Содан кейін, препараттардың түр-түрін , күніге тоқтатпай салады. 14 күн бойы. Жаным шықты демей-ақ қояйын, бірақ 9 ай құрсағыңда бала көтеріп, толғатып босанған оңайырақ екен, шын. Аяғында , ешқандай нәтиже шықпағанды біліп, тіпті шашылады екенсің. Алладан тілеп, бұндай өте қиын жолмен перзентті дүниеге әкелген барлық аналарға, отбасыларға бас идім. Ал, мен болса, енді тағы бұндай қиындықтардан өте алмаймын-ау. Аллам берген бір ұл, Әнуарымыз аман болсын, уақыт бар ғой әлі, Алла тағала біздерге тағы перзент сүюді жазар. Ал мен есімді жиып, жан-жағыма қарап, жұмысқа кірісейін", - деп ағынан жарылды әнші Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914939-saduaqasova-zasandy-zolmen-bala-kotergen-qiyn-eken-alla-bizge-tagy-perzent-suyudi-zazar/

pixel