Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арманым": Нәрестемен суретке түскен Мадина Сәдуақасоваға ел сүйсінді

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова нәрестемен
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде кішкентай сәбимен түскен суретін жариялап, елді тәнті етті. Желі қолданушылары тағы да балалы болуды қалап жүрген өнер иесіне сүйсініп, оған өз қолдауын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова нәрестемен түскен фотосын Instagram парақшасында жариялған. Әнші ел назарына ұсынған суреттің астына "Арманым" деген қысқа жазба қалдырған.

Шоу-бизнес жұлдызы екінші мәрте ана бақытын сезінгісі келіп жүргенін тағы да дәлелдеді. Желі қолданушылары жасанды жолмен балалы болғысы келіп, сәтсіздікке ұшыраған өнер иесіне қолдау білдіріп жатты.

"Осы күн сізге де бұйырсын", "Арманыңыз орындалсын", "Алдағы уақытта Алла нәсіп етсіп, сәбилі болыңыздар", "Арманыңа жет, өзің сияқты сүйкімді қыз берсін Алла саған", "Алла қалап арманыңыз орындалсын", "Алла бұйыртсын. Тағы да перзентті болуды нәсіп етсін", "Армандар орындалады. Бастысы сену керек", "Өзіңіз секілді сұлу әрі көрікті қыз дүниеге келсін", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова желіде әсерлі жазба жариялап, ел назарын өзіне аудартқан болатын. Әнші қазіргі таңда екінші мәрте ана атанудың қамын ойлап, медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгініп жүргенін айтқан еді.

Алайда, өнер иесі перзентті болуға барынша талпынып жатқанымен, ешқандай нәтиже жоқ екенін жеткізді. Көңіл-күйі түсіп кеткен әнші өзін алаңдатып тұрған мәселемен желідегі жанкүйерлерімен бөліскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1915197-armanym-narestemen-suretke-tusken-madina-saduaqasovaga-el-suisindi/

pixel