Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасын есіне алған Саят Медеуов елдің көзінше жылап жіберді (видео)

Опубликовано:

Саят Медеуов
Видеодан кадр: Instagram/qaz.stars

Желіде отандық танымал әнші Саят Медеуовтың жылап жатқан видеосы тарап, елді алаңдатты. Белгілі болғандай, өнер иесі анасын есіне алып, көз жасына ерік берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Саят Медеуовтың жылаған видеосы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Бейнежазбадан өнер иесінің мерекелік шарада отырғанын көруге болады.

Алайда, той барысында бір жайт әншінің көңіл-күйін бір мезетте түсіріп тастайды. Ортаға ана туралы ән айтуға шыққан балақай, әртіске өзінің марқұм анасын есіне салады.

Жақынынан айырылған эстрада жұлдызы өзін барынша ұстауға тырысқакнымен, бәрібір көз жасына ерік береді.

Желі қолданушылары анасын әлі де аса сағынып жүрген Медеуовке қолдау білдіріп, оны барынша жұбатты.

"Сізді түсініп тұрмын. Өте ауыр. Мен де анашымды сағынамын", "Жүрегі жұмсақ азамат қой", " Қанша есейсекте әке-шешеге сәбиміз ғой", "Аналары жоқтар ғана түсінеді бұндай әнің мағынасын, анаң барда әнге мән бермейді екенсің мен соны түсіндім", "Өмірден өткен анасын еске алып, тек тас жүрек жан ғана , көзіне жас алмаса керек", "Саят мырза түсініп тұрмын сізді. Бірақ, мықты болыңыз. Анаңыз сізді мақтан ететіні анық. Ол кісі көпшілікке үлгі болар азаматты дүниеге алып келді", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1915231-anasyn-esine-algan-sayat-medeuov-eldin-kozinse-zylap-ziberdi-video/

pixel