Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шектеуді ұнатпайды": Сара Амангелдінің анасы оның жеке өмірі туралы айтты

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова
Фото: Instagram/gulnur_mamasaripova

Жақында ғана желіде басы дауға қалған Сара Амангелдінің жеке өміріне қатысты бірқатар жайттар белгілі болды. Өнер иесінің анасы жұлдызды қызы туралы бар шындықты айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Мамасарипова қызының жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, ол жайлы ел білмейтін мәліметтерді айтты. Белгілі продюсер перзенті еркіндікте өскендіктен шектеуді ұнатпайтынын жеткізді.

"Біздің Сараның жігітпен жүргенін де, жігітпен ұрысып қалғанын да бүкіл қазақ халқы біліп отырады. Барлығын ашып, жариялап отырады. Мен оған олай жасауға болмайтынын айтамын. "Халыққа білуге керек емес оны" деймін. "Сен тұрмысқа шықпайынша ешкімнің хақы жоқ ондайды сұрауға" десем, "ешкім сұрап жатқан жоқ, мен өзім солай жасағым келді" деп жауап қайтарды.
Ол менің қызым болғандықтан ешқандай келісімшартта емес, оған қатысты тұрмысқа шығуға болмайды деген тыйым жоқ. Ол шығармашылықта да, өмірде е еркін өскен бала. Ешқандай шектеуді ұнатпайды. Өзі топтан да бірінші болып кетті. Қызымның таңдауын қолдаймын. Тұрмысқа шыққысы келетінін айтса, ертең-ақ ұзатып жіберем", -деді Мамасарипова "Папарацци" бағдарламасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1915395-sekteudi-unatpaidy-sara-amangeldinin-anasy-onyn-zeke-omiri-turaly-aitty/

pixel