Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзін алмай қарады": Мақпал Исабекова жолдасымен қалай танысқанын айтып ерді

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Фото: Instagram/makosyai

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мақпал Исабекова жолдасымен қалай және қай жерде танысқанын айтып берді. Қос ғашықтың махаббат хикаясы аса ерекше басталған. Өнер иесі бұл таныстықты нағыз тағдырдың сыйына теңеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова Instagram желісінде өмірлік серігі екеуі қалай табысқандары туралы егжейлі-тегжейлі түрде айтып берді. Эстрада жұлдызының сөзінше, олардың алғашқы кездесуі Шымкент қаласында орын алған.

Белгілі болғандай, әнші ару шырайлы шаһарға жұмыс бабымен барып, болашақ жолдасымен бір қонақ үйде тоқтаған болып шықты. Олар сол жерде көрісіп қалып, бір-бірін ұнатып қалған.

Алайда, өнер иесінің жолдасы онымен бірден танысып кетпеген. Ол алдымен Мақпалды сырттай бақылап, кейін оның бөлмесіне ақ раушан гүлдерін жіберген. Содан кейін қос ғашық арасында хабарлама алмасу басталған. Шоу-бизнес өкілі ер азаматының хаттарын аса тағатсыздана күткенін жасырмады.

Ол тіпті түсірілім алаңында жүргенімен, бар ойы қонақ үйде көріп қалған жұмбақ жігіт туралы болғанын айтады. Тағдырдың жазуы бойынша әнші тіпті жоспарлаған уақытында Алматыға қайтпай қалған. Исабекова өзін тағы бір күнге қалуын сұраған белгілі продюсер Жан Мұқановқа бұл үшін алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1915495-kozin-almai-qarady-maqpal-isabekova-zoldasymen-qalai-tanysqanyn-aityp-erdi/

pixel