Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ қызына тән емес": Төсін ашып суретке түскен Сәдуақасова елден оңбай сөз естіді

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова желідегілердің қатаң сынына ұшырады. Оған өнер иесінің кезекті фотосессия себеп болған. Көпшіліктің пікірінше, суреттегі образ 41 жастағы отбасылы әншіге мүлдем сай келмейді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Cәдуақасова Instagram парақшасында жанкүйерлерінің назарына жаңа фотосессиясын ұсынды. Алайда, эстрада жұлдызының бұл жұмысы көпшілік көңілінен шыға қоймағанға ұқсайды.

Желі қолданушылары өнер иесінің образын тым ашық екенін алға тартып, мұндай киім үлгісі отбасылы әйелге келіспейтінін жазды. Олардың пікірінше, әншінің бұл кейпі аса ерсілеу болып табылады.

"Недеген еліктіргіш әйелсіз. Жолдасыңыз қызғанбайды ма?", "Адамдарға "Бұл жай ғана образ" деп ақталасыз, Аллаға не деп ақталасыз", "Қазақ қыздарына тән емес", "Мныау фотолар тым ерсі көрінеді екен. Недегенмен отбасылы әйелсіз ғой. Ата-енеңіз не ойлайды", "Күйеуіңіздің сабырлығына таңғаламын. Қалай шыдап жүр ашық образдарыңызға", "Бұл кіміге қашан ақыл-есі кіреді екен", "Тәубеге келейік,ұят жағдай", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1915559-qazaq-qyzyna-tan-emes-tosin-asyp-suretke-tusken-saduaqasova-elden-onbai-soz-estidi/

pixel