Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегей мерекеде балалар үйіне барып, бүлдіршіндерді қуантқан (видео)

Опубликовано:

Абай Бегейбалалар үйінде
Видеодан кадр: Instagram/abai_begei

Отандық танымал әнші Абай Бегей желіде бірінші маусым мерекесін қалай және кімдермен өткізгенін көрсетті. Өнер иесі бұл мейрамда балалар үйіне барып, бүлдіршіндерге ерекше көңіл-күй сыйлап қайтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегей балалар үйіндегі мерекелік шара кезіндегі видеосымен Instagram парақшасында бөліскен. Онда әншінің бүлдіршіндердің ортасында ән салып жүргенін көруге болады.

Өнер иесі бұл мейрамда дәл осы балақайларға тосын сый жасап, оларды ерекше құттықтап қайтуды шешкен.

"Балалар мерекесі құтты болсын! “Жанұя” балалар үйі. Жетімдер жыламасын, қамқор болып отырған тәрбиешілерге Алла разы болсын", - деген жазба қалдырды Абай Бегей видео астына.

Желідегілер өнер иесінің мұндай игі бастамасына тәнті болып, оған деген ыстық ықыласын білдірді. Олардың сөзінше, әншінің бұл әрекеті әбден мақтауға тұрарлық болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1915564-abai-begei-merekede-balalar-uiine-baryp-buldirsinderdi-quantqan-video/

pixel