Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уайымдамаңыздар": Керімбекова өзінің Lexus-570 сатып алғаны туралы ақпаратқа жауап берді

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: Видеодан кадр

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ақбота Керімбекова өзінің қымбат көлік сатып алғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Өнер иесі желіде шу тудырған жаңалыққа қатысты өзі жауап беріп, оның рас-өтірігін айтуды шешкен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова өнердегі әріптесі Қайрат Әділгерейдің өзін жаңа көлікпен құттықтаған видеосынан кейін ел алдында ақталуға мәжбүр болды.

Өнер иесі Instagram желісінде бұл ақпаратқа жауап беріп, аталған жаңалықтың шындыққа жанаспайтынын айтты. Эстрада жұлдызы қымбат темір тұлпарды сатып алғанын жоққа шығарды. Оның сөзінше, шу тудырған видеода Қайрат Әділгерей бәрін әзіл ретінде айтқан.

"Уайымдамаңыздар! Бастық та болған жоқпын, Lexus-570 көлігін де алған жоқпын. Қайратжан болашақта жететін жетістіктеріммен ертерек құттықтағаныңа рахмет. Көңілің қалмасын. Біз ондайға үйренгенбіз. Мақтаса да, даттаса да өз қазағымыз ғой. Сол себепті халқыңның көңілін көтеріп жүре бер", - деп жазды Керімбекова.
Ақбота Керімбекованың Stories-і
Ақбота Керімбекованың Stories-і. Фото: Instagram/botakerim

Ақбота Керімбекованың Stories-і
Ақбота Керімбекованың Stories-і. Фото: Instagram/botakerim

Қайрат Әділгерейдің өзі де желіде тараған бейнежазбасынан кейін көпшілікпен байланысқа шығып, жазылған жағымсыз пікірлерден соң көңілі қалғанын жасырмады.

"Ақбота Керімбекованың жаңа Lexus-570 алды деп қалжыңдап салған едім. Видео бірден түрлі пабликтерге тарап кетіпті. Оның астындағы пікірлерді оқып халықтан көңілім қалып қалды. Халықтың пейілі... не деген жағымсыз пікірлер. Қарғап жатыр. Олай болмау керек. Мен тіпті қалжыңдамасам да, ол рас болғанның өзінде де біреудің қуанышына қуана білу керек", - деді әзілкеш.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Әділгерей желіде Керімбековамен түскен видео жариялап, онда оны жаңа көлік сатып алғанымен құттықтаған болатын. Бейнежазба бірден көпшілік ашуын тудырып, қатаң сынға ұшырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1915831-uaiymdamanyzdar-aqbota-kerimbekova-ozinin-lexus-570-satyp-alganyna-qatysty-zauap-berdi/

pixel