RU

Қазақстандық "Маска" шоуының жеңімпазы анықталды (фото, видео)

Ерден Жақсыбеков
Фото: Instagram/erdenkz

Қазақстандық "Маска" шоуының жеңімпазы арқар кейпінде өнер көрсеткен әнші Ерден Жақсыбеков болды. Екінші орынды Айри (аққу) еншілесе, әзілкеш Нұрболхан Шарапов (арыстан) үшінші орынды иеленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш шоу үш ай бойы жалғасты. Бұл уақыт аралығында жоба қатысушылары мен көрермендер сан алуан эмоцияға ие болы, жаңа таланттарды ашты.

"Маска" шоуының қазақстандық нұсқасының бірінші кезеңіне 14 отандық жұлдыз қатысты. Әр қатысушы жеке тапсырыс бойынша тігілген ерекше образда өнер көрсетті. Өткен демалыста байқаудың финалы өтіп, жеңімпаздың аты белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1916424-qazaqstandyq-maska-souynyn-zenimpazy-anyqtaldy-foto-video/