Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шашын басқа түске бояп тастаған Назиманы ел танымай қалды (фото)

Опубликовано:

Назима
Фото: Instagram/13nazima

Отандық танымал әнші Назима Жәнібекова шашын жаңа түске бояп тастады. Өнер иесінің жанкүйерлері оның жаңа стиліне қатысты өз пікірлерін айтып, өз жылы лебіздерін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назима ерекше шаш үлгісімен түскен фотосын Instagram парақшасында жариялап, барша жанкүйерлерін таңғалдырған.

"Сұлуым, қызғылт көзілдірігіңді шеш", - деген жазба қалдырды ол суреттің астына.

Әншінің өзгерісі оның жанкүйерлерінің көңілінен шыққан. Олардың басым көпшілігі шоу-бизнес өкілінің шашын өзге түске бояп тастағанына тәнті болды. Сонымен қатар, желідегілер Назиманың жаңа туындысының жарыққа шығуын аса асыға күтіп жүргендерін алға тартты.

"Жаңа әнді күту үстіндеміз", "Тың туынды болатыны анық", "Әдемісің", "Ашық түске бояп тастапсың ғой. Саған бәрі жарасады", "Керемет образ", "Бірден тани қоймадым", "Керемет, өзіңе жарасып тұр", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1916606-sasyn-basqa-tuske-boyap-tastagan-nazimany-el-tanymai-qaldy-foto/

pixel