RU

Скриптонит коронавирус жұқтырып алды

Скриптонит
Фото: ТО "Газгольдер"

Қалың көпшілікке Скриптонит лақап атымен танылған белгілі қазақстандық рэп орындаушы Әділ Жалелов коронавирус жұқтырып алғанын хабарлады. Өнер иесі ауырып қалғандықтан жосапарланып қойған концерттік бағдарламаларды кейінге қалдыруға мәжбүр болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Рэп орындаушы COVID-19 жұқтырып алғаны туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Скриптонит қауіпті індетке шалдыққандықтан жоспарланып қойған 36 Summer Jam мерекелік шарасын кейінге қалдыруға тура келгенін жеткізді.

"Бұл қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және сіздер түсінеді деп үміттенеміз. Сатып алынған билеттер жаңадан белгіленген күнге де жарамды. Біз Gazgolder-да өтетін 36 Summer Jam шарасында міндетті түрде кездесеміз. Жаңалықтардан хабардар болыңыздар", - деп жазды Әділ.

Өнер иесінің жанкүйерлері сүйікті әншісі үшін алаңдап, оған тез сауығып кетуін тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1916999-skriptonit-koronavirus-zuqtyryp-aldy/