Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақбота қызғанбай ма": Өзге актрисамен махаббат сомдаған Айдарқұлов қызу талқыға қалды

Опубликовано:

Дәурен Айдарқұлов пен Қарлығаш Мұхамеджанова
Фото: Instagram/karlygashmuhamedzhanova

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов актриса Қарлығаш Мұхамеджановамен бір телехикаяға түсті. Қос әртіс онда ғашықтардың рөлін сомдаған. "Алғашқы махаббат" атты туынды жақын арада көрермендерге жол тартпақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қарлығаш Мұхамеджанова алдағы уақытта өзінің қатысуымен түсірілген жаңа сериал жарыққа шығатынын хаьарлап, барша жанкүйерлерін қуантты. "Алғашқы махаббат" телехикаясында актрисаның жұбын актер әрі шоумен Дәурен Айдарқұлов сомдады.

Ол бар өмірін медицина саласына арнаған Берік есімді бойдақ жігіттің рөлінде болды. Араға бірнеше жыл салып, хирург өзінің алғашқы махаббатын Салтанатты жолықтырады.

"Алғашқы махаббат жаңа күшке ие болады. Алайда, бойдақ жігіт сүйіктісінің ересек балаларымен тіл табыса алады ма?", - деп жазды актриса.

Айта кету керек, Дәурен Айдарқұлов көпбалалы әке. Ер адам жақында ғана әнші Ақбота Сейітмағамбетпен ажырасып кеткен болатын. Актер енді үшінші мәрте бағын сынап көруге ниетті.

Желі қолданушылары әртіске және оның жаңа рөліне қатысты түрлі пікір қалдырған.

"Маған екеуі аса жарасымды секілді көрінеді", "Қарлығаш абай болшы. Сенің де басыңды айналдырып алмасын", "Бұл актерді мұндай образда көремін деп ойламаппын", "Қарлығаш па? Ақбота қайда қалды?", "Ақбота күйеуіңді қызғанбайсың ба?", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917053-aqbota-qyzganbaidy-ma-ozge-aktrisamen-maxabbat-somdagan-aidarqulov-qyzu-talqyga-qaldy/

pixel