Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жапанда жалғыз қалғандай": Ақбота Сейітмағамбет әсерлі жазба жариялады

Жарияланған күні:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет желіде аса әсерлі жазба жариялап, барша оқырмандарын алаңдатып қойды. Жақында ғана актер әрі шоумен Дәурен Айдарқұловпен ажырасып кеткен әнші жалғыздық туралы сөз қозғады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет өз жан сырын Instagram парақшасында ақтарған. Ол жазбасы арқылы адам өміріндегі жалғыздық сезімі туралы ойын жеткізген.

"Жалғызсырап құлазу, адам баласынан қалмайтын сезім. Кей сәттерде көңілдің күйіне байланысты 1000 адамның арасында отырыпта жапанда жалғыз қалғандай,айналамен байланыс таппайтындай сезінесің. Бәрі де алма кезек. Күлкінің артында жылау бар,жылаудың арты күлкі. Әр нәрседен хайыр іздейтін біз әрдайым үмітпен келеміз. Бернард Шоу - дың ойымен қарасақ: Жалғыздықпен өмір сүру және одан рахаттану -ұлы қабылет. Артур Шопенгауэрше ойласақ: Ақылды адамдардың жалғыздықты ұнататын себебі, олар ақымақтардың даңғаза тірлігінен қашады", - деп жазды актриса.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының бұл жазбасынан кейін алаңдап, оған өз қолдауын білдірді.

"Жүрегі ақ Ақбота", "Сен жалғыз емессің, балаларың бар", "Мықты қызсың. Өмірің әлі алда ғой. Сынба, мойыма", "Бәрі жақсы болып кетеді. Бұл қиын сынақ та өтеді", "Сен жалғыз емессің. Әркез қасыңда балаларың және біз қолдаушыларың бармыз", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917064-zapanda-zalgyz-qalgandai-aqbota-seiitmagambet-aserli-zazbamen-bolisti/