Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқа көйлек киген Кәмшат Жолдыбаеваны ел сынап тастады (фото)

Опубликовано:

Кәмшат Жолдыбаева
Фото: Instagram/kamshat__zholdybayeva

Отандық танымал әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева желіде табиғат аясында түскен суреттерімен бөлісіп, елден оңбай сөз естіді. Желі қолданушылары өнер иесінің ашық образына шүйліккен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева кезекті фотосын жариялап, Instagram желісінде шу тудырды. Суретте шоу-бизнес жұлдызының қысқа көйлекпен табиғат аясында отырғанын көруге болады.

Бұл жайт бірден оқырмандардың ашуын тудырып, сансыз жағымсыз пікірге ие болды. Қалың көпшілік әртістің образын тым ашық әрі ерсі деп санап, оған деген өз наразылығын білдірді.

"Осылар денесін ашпаса жүре алмайтын болып қалған", "Шөп үстіне олай отыруға болмайды", "Адам болмайды-ау", "Сөзім жоқ. Ұят емес пе", "Аяғы қорқынышты екен", "Кәмшат мына жүрісің жарамайды. Саған тезірек тұрмысқа шығып, балалы болу керек", "Қартайып бара жатқандай", "Неге ашық образдарға құмарсыз?", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917086-qysqa-koilek-kigen-kamsat-zoldybaeny-el-synap-tastady-foto/

pixel