RU

"Екеуміз ғана": Актриса Сая Оразғалиева жолдасымен бал айына ұшып кетті (видео)

Сая Оразғалиева жолдасымен
Видеодан кадр: Instagram/saya_orazgaliyeva

Отандық танымал актриса Сая Оразғалиева үйлену тойынан кейін, жолдасымен бірге Мысырға бал айына ұшып кетті. Өнер иесінің сөзінше, күйеуі екеуі бұған дейін үш мемлекетте бірге болған. Алайда, бұл жолы олар саяхатқа алғаш рет екеуі ғана аттанған жеп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сая Оразғалиева шетелге бал айына кетіп қалғаны туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Актриса желіде Мысырда түсірілген видеолармен бөлісіп, барша жанкүйерлірн қуантты.

Ерлі-зайыптылар Шарм-эль-Шейх қаласында орналасқан қымбат бес жұлдыздық қонақ үйге тоқтады.

"Менің жаным таңғалуда. Үш мемлекетті бірге араладық. Мысырда да болдық. Енді қайтадан келіп жатырмыз. Айта кетерлігі, біз бірінші рет екеуміз ғана шетелге шықтық. Әйтпесе, менің қасымда әрқашан көп адам жүреді. Ал енді біз екеуміз ғанамыз. Кішкене бір түрлі екен. Өйткені біз тойдың жұмыстарымен шапқылап, достарымызбен демалысты ақылдаспадық. Тіпті Радмир де (Саяның бірінші некеде туған ұлы) бізбен бармады", - деп айтып берді Сая Оразғалиева.

Айта кетейік, Сая Оразғалиева мен Ілияс Иминов маусым айының басында Алматыда үйлену тойын дүркіретіп өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917206-ekeumiz-gana-aktrisa-saya-orazgalieva-zoldasymen-bal-aiyna-usyp-ketti-video/