Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Артық әңгіме керек емес": Ұлттық киімдегі Сара Амангелді елді тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Сара Амангелді
Фото: Instagram/amangeldieva_sara

"Кешью" тобында өнер көрсеткен әнші Сара Амангелді желіде ұлттық киіммен түскен суретін жариялап, елдің ыстық ықыласына бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сара Амангелді қазақ көйлекпен түскен фотосымен Instagram парақшасында бөлісті. Әдетте, ерекше образдарда өнер көрсететін ару бұл жолы ұлттық киімдегі кейпін паш еткен.

"Ақылды сөз жазам ба деп едім. Сұлулық бар жерде артық әңгіме керек емес деп шештім", - деген жазба қалдырды шоу-бизнес жұлдызы.

Өнер иесінің бұл таңдауы желідегілердің көңілінен шығып, көпшіліктің жылы лебіздеріне ие болды.

"Керемет образ", "Қазақи үлгіде киінген жарасады екен", "Сұлу қыз", "Әдемі фото", "Күшті шыққан", "Сізге ұлттық киім қатты жарасады", "Қазақтың қара қызы", - деп жазуда желі қооданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917235-artyq-angime-kerek-emes-ulttyq-kiimdegi-sara-amangeldi-eldi-tanti-etti-foto/

pixel