Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова екінші перзентін дүниеге әкелді (фото)

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова екінші перзентін дүниеге әкелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты әншінің әпкесі Меруерт Әуелбекова жариялады.

"Халайық, сүйінші! Алланың қалауымен қасиетті жұма күні Мөлдір қыздарыңыз қыз босанды. Аллаға сансыз шүкір, бәрі жақсы. Қош келдің Айша қыз. Алла ұзақ, бақытты ғұмыр берсін ботақаным", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова осы жылы екінші рет тұрмысқа шыққан еді. Кейіннен ол орамал тағып, образын өзгертті.

Ал жақында әнші коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен еді. Аурудан айыққан соң ол желіде жазба жариялап, өзі үшін уайымдаған көпшілікке алғыс білдірді.

"Аллаға шүкір, коронавирусты жеңіп, ауруханадан үйге келдік. Дәрігерлердің еңбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Аллахым күш-қуат берсін! Жүрегімнің ішінде жүрек болғасын сізде оң нәтиже дегенде COVID-19 атауының өзі психологиялық тұрғыда ауыр тиеді екен. Жақындарым мен сіздердің қолдауларыңызбен еш мойымай, дер кезінде ем алып Алланың қалауымен сауығып шықтық.

Бәрі жақсы, шүкір! Хәлімізді сұрап, уайымдап хабарласып жатқан жаны жайсаң шынайы жанашырларыма рақмет! Алла іздерге разы болсын тілеулестерім! Енді, бұйырса босанғанша ешқайда шықпай сабыр етіп, үйде отыруым керек. Қайта жұқтыру жылдамырақ әрі қауіптірек болады екен. Сақтанып жүріңіздер! Алла амандықта жүздесуді жазсын", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917295-moldir-auelbekova-ekinsi-perzentin-duniege-akeldi-foto/

pixel