Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдырмаш мүсінді Жанар Дұғалова ерлер қауымын өзіне қаратты (фото)

Опубликовано:

Жанар Дұғалова
Фото: Instagram/zhanar_dugalova

Қазақ эстардасының жарық жұлдызы Жанар Дұғалова желіде жаңа суреттерімен бөлісіп, жанкүйерлерін бір қуантып қойды. Әншінің ерекше образы көпшілік көңілінен шығып, түрлі пікірлерге ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Дұғалова Instagram парақшасында тағы да талдырмаш мүсінін паш етті. Өнер иесі денесіне жабысып тұратын көйлек киіп, оны барша оқырмандарына көрсетті.

Эстрада жұлдызының жаңа образы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі оның дене сымбатына тәнті болып жатса, енді бірі керісінше оны сынап тастады.

Әсіресе, ерлер қауымы аталмыш суреттердің астына сансыз пікір қалдырып, Жанар Дұғаловаға өз сезімдерін білдірген. Ал, кейбір оқырмандар әншінің образы тым ашық екенін жазып, өз наразылығын білдірген.

"Аппаратсыз ғой", "Мінсіз әйел", "Өте сұлу", "Ғашықпын", "Күйеуінің арманы жоқ шығар", "Осындай көрікті болу қылмыс. Жанар сізге ұқсағым келеді. Тырысып жүрмін", "Бар денелерін көрсетіп шаршамайды", "Осы жұлдыздар қашан қояды ашық образдарын көрсетуді", "Сізге күн сайын қатты ғашық болып жатырмын", "Қазақ қыздарына мұндай болған жараспайды", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917504-taldyrmas-musindi-zanar-dugalova-erler-qauymyn-ozine-qaratty-foto/

pixel