Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Иә" дедім": Жанель Мақажанға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады (видео)

Опубликовано:

Жанель Мақажан сүйіктісімен
Фото: Instagram/janellemakajan

Отандық танымал актриса Жанель Мақажан жақын арада екінші мәрте тұрмысқа шықпақ. Өнер иесінің сүйіктісі оған үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты жұлдызды қалыңдықтың өзі әлеуметтік желіде бөліскен.

Жанель Мақажан Instagram парақшасында ғашығының жасаған ұсынысы кезінде түсірілген суреттер мен видеоны жариялап қойды.

"Мен "иә" дедім. Жаным, сені қатты жақсы көремін. Алла разылығы үшін сүйемін", - деген жазба ақалдырған өнер иесі.

Айта кету керек, актрисаның сүйіктісі батыл қадамды Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде жасаған. Ұсыныс жасауға оған Жанель Мақажанның бірінші некеде туған балалары да көмектескен.

Бейнежазбадан алдымен өнер иесінің перзенттерінің сөйлеп жатқаны көрініс тапты. Артынан киножұлдыздың ғашығы оны ортаға алып шығып, одан мәңгілікке өзінің жары болуын сұрайды.

Қос ғашықтың қуанышты сәтіне Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш куә болды. Олар ұсыныс жасалған мейрамханаға барып, оған барынша атсалысты.

Айта кетейік, Жанель Мақажанның сүйіктісімен жасаған ерекше фотосессиясы желіде қызу талқыланды. Көпшілік қос ғашықты америкалық актерлардың жұбына қатты ұқсатты.

Сондай-ақ, Жанель үшін бұл екінші неке болмақ. Оның бірінші күйеуінен екі баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917696-ia-dedim-zanel-maqazanga-suiiktisi-uilenuge-usynys-zasady-video/

pixel