Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бөпеміз болғанын қалаймыз": Жәния Джуринская ана атануды армандап жүр

Опубликовано:

Жәния Джуринская күйеуімен
Фото: Instagram/djurinskaya

Қазақстандық актриса Жәния Джуринская жолдасы екеуі балалы болғысы келетіндерін айтты. Өнер иесі күйеуінің өз жиенімен ойнап жатқан сәтінен видео жариялап, ел жүрегін елжіретті. Оған қоса, киножұлдыз енесімен қандай қарым-қатынаста екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская жолдасының өз жиенімен ойнап жатқан сәтімен Instagram парақшасында бөлісті.

"Біз де бөпеміз болғанын қалаймыз", - деген жазба қалдырды ол бейнежазбада.

Желі қолданушыларының бірі актрисадан енесімен арақатынасы қандай екенін де сұрап үлгерді. Джуринская өз кезегінде бұл сауалды күйеуінің анасына жолдады.

"Қарым-қатынасымыз қандай болушы еді? Бәрі жақсы. Сен менің жанымсың ғой", - деп жауап берді Жәнияның енесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917932-bopemiz-bolganyn-qalaimyz-zaniya-dzurinskaya-ana-atanudy-armandap-zur/

pixel