RU

Нұрболат Абдуллин қызымен түскен видеомен бөлісіп, елді сүйсіндірді

Нұрболат Абдуллин қызымен
Видеодан кадр: Instagram/nurbullin

Отандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин желіде қызымен бірге түскен видеосын жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Желідегілер әкесі мен қызына сүйсіне қарап, өз жылы лебіздерін білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин Instagram парақшасында қызымен ойнап отырған видеосымен бөлісіп, барша жанкүйерлерін бір қуантты. Бейнежазбадан өнер иесінің перзентінің қолынан сүйіп жатқанын көруге болады.

Эстрада жұлдызы аталмыш видеоның астына "сен маған сүюді үйреттің" деген жазба қалдырып кеткен.

Әкесіне барынша еркелеген қызы желідегілерді тәнті етті. Олар бүлдіршіннің қылығына сүйсініп, оған жылы лебіздерін жолдаған.

"Тәтті қыздан сол", "Папасы дұрыстап сүй", "Қылығы қандай тәтті, әкесіне еркелеп отырған түріңнен сенің", "Бұртиған түріңнен айналдым. Көз тимесін", "Қыз деген тәтті ғой", "Қыз әкеге жақын болады", Қайталап көре бергің келеді", "Баланың қылығы қандай тәтті болады", "Әкесі қызыңызды ашуландырмаңыз", "Сондай тәттісіңдер. Керемет көрініс", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918157-nurbolat-abdullin-qyzymen-tusken-videomen-bolisip-eldi-suisindirdi/