Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мінсіз мүсінін паш еткен Жолдыбаева ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Опубликовано:

Алтынай Жолдыбаева
Фото: Instagram/altynaizholdybayeva

Қазақстандық танымал актриса әрі әнші Алтынай Жолдыбаева шетелдегі демалысынан суреттермен бөлісіп, барша елді өзіне қаратты. Өнер иесі ашық образдарда бой көрсетіп, өзінің талдырмаш мүсінін паш еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жолдыбаева Instagram парақшасында демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетіп қана қоймай, оқырмандарына жергілікті тарих туралы қызықты ақпаратпен бөлісуде.

Алайда, актрисаның жанкүйерлеріне Мысырдың хикаялары емес, оның мінсіз мүсіні қызығырақ болып шықты.

"Жарайсың, мынадай денеге ие болу үшін қанша еңбек еттің", "Керемет", "Көз ала алмай отырмын", "Мына суреттер қауіпті, бір қарасаң көзіңді алмай қалады екенсің", "Фигураңыз от", "Джоли", "Грек ханшайымы секілдісің", "Аққу сияқты", "Голливуд сенің қасыңда да тұрмайды", - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918165-minsiz-musinin-pas-etken-zoldybaeva-erler-qauymyn-esten-tandyrdy-foto/

pixel