Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біріншісі мен болдым": Сая Оразғалиева жолдасының асқақ армандары туралы айтты

Опубликовано:

Сая Оразғалиева жолдасымен
Фото: Instagram/saya_orazgaliyeva

Жақында ғана тұрмысқа шыққан актриса Сая Оразғалиева бүгінде жолдасымен бірге Мысыр елінде бал айын өткізіп жатыр. Өнер иесі өзінің өміріне қызығушылық танытқан оқырмандарына барынша ашылып, күйеуінің екі асыл арманы туралы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгілі актриса Instagram парақшасында бал айы қалай өтіп жатқанымен белсенді түрде бөлісуде. Ерлі-зайыптылар бұл жолы достарынсыз, тек екеуі ғана демалуды жөн көрген.

Жолдасымен естен кетпес уақыт өткізіп жатқан Сая Оразғалиева жеке өміріне асқан қызығушылық танытып, сұрақтарды жаудырған көпшілікпен жолдасына қатысты қызықты жайтты айтып берді.

Оның сөзінше, күйеуінің асқақ екі арманы болған. Олардың біріншісі Саяның өзі болса, екіншісі аквалангпен судың астына түсу екен.

"Белсенді демалысты сүйер қауымға Қызыл теңіздің демалыс орындары ұнайтыны анық. Бұл жерде отбасылық жағажайдан бастап, аса экстремалды заттарға дейін барлығы бар. Бұл жолы жолдасым өзінің армандарының бірін орындады. Ол аквалангпен судың астында жүзді", - деді әртіс.

Желі қолданушылары жас жұбайлар үшін аса қатты қуанып, оларға жақсы демалыс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918257-birinsisi-men-boldym-saya-orazgalieva-zoldasynyn-asqaq-armandary-turaly-aitty/

pixel