Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова Қарағандыдан келген туған әпкесін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова әпкесімен
Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Отандық эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова өзінің туған әпкесін көрсетті. Әнші Қарағандыдан Алматыға сапарлап келген туғандарымен түскен суретін жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова туған әпкесі келіп, қонақ күтіп жатқаны туралы Instagram парақшасында хабарлады.

"Бұл менің Қарағандыдан келген туған әпкем мен оның қыздары, танысып қойыңыздар. Алматыға келіп жатыр. Бәріміз кешкі ас ішіп отырмыз. Мерейде бізбен бірге. Осыннан тамақтанып, үйден тортпен шай ішеміз. Таңға дейін әңгіме айтамыз. Түн тыныштығын берсін“ , – деді әнші.

Өнер иесі жақындары мейрамханадан тамақтандырып, кейін өз үйіне қонақ етті.

Желі қолданушылары әнші мен оның әпкесін бірден қызу талқыға алды. Бірі олардың өзара қатты ұқсайтынын жазса, енді бірі мүлде ұқсастық жоқ екенін жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918361-maqpal-zunisova-qaragandydan-kelgen-tugan-apkesin-korsetti-video/

pixel