Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген желіде жақсы жаңалығымен бөлісті

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: Gettty Images/ Artyom Geodakyan / Contributor

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Новая волна" байқауына қатысатынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Достар, "Новая волна" байқауына баратынымды ресми түрде растаймын. Мен оған әділқазылар алқасының мүшесі және қонақ ретінде қатысамын. Кездескенше!", – деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.

Жас орындаушылардың "Новая волна" халықаралық байқауы Сочиде 19 мен 25 тамыз аралығында өтеді.

Бұған дейін жобаның негізін қалаған Игорь Крутой байқау бағдарламасында бірнеше шығармашылық кеш жоспарланғанын мәлімдеді: Дима Билан, Александр Розенбаум, сондай-ақ Николай Басковтың мерейтойы аталып өтеді.

Фестивальдің қатысушылары: София Ротару, Григорий Лепс, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Zivert, Niletto, Полина Гагарина, Пелагея, Валерий Леонтьев, Ирина Аллегрова және басқа да танымал орындаушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918490-dimas-qudaibergen-zelide-zaqsy-zanalygyn-bolisti/

pixel