Top.Mail.Ru

Зектілері

"Жұлдыздар түгел жиналған": Алматыда танымал бизнесменнің үйлену тойы дүркіреп өтті

Жарияланған күні:

Досбол Мәлікомардың үйлену тойы
Досбол Мәлікомардың үйлену тойы: Instagram

Өткен аптада отандық өнер жұлдыздарының барлығы дерлік Алматыда бас қосты. Танымал бизнесмен әрі облыстық мәслихат депутаты Досбол Мәлікомар шаңырақ көтеріп, Алматы төрінде дүркіретіп тойын өткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бизнесменнің тойына Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Мұқасан Шахзадаев, "Жігіттер" квартеті, Шман апа атымен танылған Ерболат Төлеген бастаған бірқатар өнер жұлдыздары келді. Сондай-ақ, спортшылар арасынан «Қазақстан Барысы» атанған Ұлан Рысқұлды байқауға болады.

Той қонақтары әлеуметтік желіде суреттерін бөлісті. Досбол Салтанат есімді бойжеткенмен көңіл қосып, отау құрған.

"Көптен күткен шаңырақ көтерген күніміз әуелі Алланың қалауымен, кейінгісі ата-анамның дұғасымен жақсы аталып өтті деп ойлаймын. Көптің ақылын алдық, тілегін тыңдадық. Бізден кеткен қателік пен кемшілік болса кешіріңіздер! Сіздерге мың алғыс.

Өз басым той жасаудың өте қиын және ауыр екенін енді түсіндім. Тойға кешікпей келуді, той жасауға нақты программа жасалатыны, көптеген қойылымдар қойылатыны, «Міндетті түрде келем» -деп, бармай қалуға болмайтыны, сіз үшін орын дайындалатынын білдік.☝

Той өткеннен бері тойды көзбен көріп - куәсі болған қонақтар тілектерін аямай жаудырып жатыр, үлкен рақмет! Халал тойдың көңілді өткенің, халал тойды көңілді өткізуге болатынын дәлелдедің деп те айтқандар жоқ емес. Ең бастысы сіздердің дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. Бізге дұға болып айтылған, комент болып жазылған жақсы сөздеріңіздің әрбір әріпіне, сіздерге сансыз еселенген сауаптан жазсын!» - деп жазды кәсіпкер желідегі парақшасында.

Мейрамбек Беспаев пен Мұқасан Шахзадаев
Мейрамбек Беспаев пен Мұқасан Шахзадаев: Instagram

Айта кетелік, Досбол Мәлікомар «Dveri City» дүкендер желісінің негізін қалаушы. Осыдан екі жыл бұрын ол әкесінің мерейтойын дүркіретіп өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918592-muzart-zigitter-almatyda-tanymal-biznesmennin-toiy-durkirep-otti/