RU

Актриса Сая Оразғалиева аяғы ауыр екенін жария етті (фото)

Сая Оразғалиева жолдасымен
Фото: Instagram/saya_orazgaliyeva

Жақында ғана екінші мәрте тұрмысқа шығып, жолдасымен бал айына аттанған актриса Сая Оразғалиева жанкүйерлеріне тағы бір қуанышты жаңалықты жеткізді. Өнер иесі аяғы ауыр екенін растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сая Оразғалиева қуанышты хабарымен Instagram парақшасында бөлісті.

"Жақсы жаңалығымыз бар. Отбасымыз бір адаммен толықпақ. Жақында ғана біздің сәбиіміз болатынын білдік. Біз сондай бақыттымыз. Қазіргі кезде балалы бола алмай жүрген жұптар туралы көп естимін. Экология, үйлесімсіздік, оталардың салдары. Сол себепті, біздің жас отбасымызға осындай сыйды нәсіп еткен жаратушыға мың да бір алғыс. Барлықтарыңызға денсаулық тілемін", - деп жазды актриса.

Айта кетейік, бұл өнер иесінің екінші перзенті болмақ. Оның бірінші некеде туған Радмир есімді ұлы бар.

Саяның сөзінше, үлкен баласы сөйлей бастаған уақыттан бері анасынан өзіне қарындас немесе іні туып беруін сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918642-aktrisa-saya-orazgalieva-ayagy-auyr-ekenin-zariya-etti-foto/